Мәскеуде жиналатын ТМД мемлекетаралық кеңесі Достастық елдерінің көрме-жәрмеңке ісіне қатысты стратегиясын талқылайды - kaz.caravan.kz
  • $ 514.31
  • 603.03
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
17 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мәскеуде жиналатын ТМД мемлекетаралық кеңесі Достастық елдерінің көрме-жәрмеңке ісіне қатысты стратегиясын талқылайды

Мәскеуде жиналатын ТМД мемлекетаралық кеңесі Достастық елдерінің көрме-жәрмеңке ісіне қатысты стратегиясын талқылайды

Бүгін, 1-желтоқсанда Мәскеуде ТМД мемлекетаралық кеңесінің кезекті отырысы өтіп, онда Достастық елдерінің көрме-жәрмеңке ісіне қатысты стратегиясы талқыланады. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Әзербайжан экономикалық даму министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 1 Желтоқсан 2004
  • 585
Фото - Caravan.kz

Мәжілістің күн тәртібіне мынадай ұйымдастырушылық сипаттағы мәселелер енгізілген: ТМД-ның құрылуына 15 жыл толуына орай 2006-жылы экономикалық форум мен көрме өткізу, Достастық елдерінің көрме-жәрмеңке ісіне қатысты стратегиясын талқылау, ТМД аясындағы үкіметаралық арнаулы көрмелердің 2005-жылға арналған жоспарын бекіту.

Сонымен бірге бас қосу барысында ТМД мемлекетаралық кеңесінің іс-қызметіне қатысты мәселелерді тиянақтау да көзделіп отыр. Атап айтсақ, Кеңестің және оның құрамындағы атқарушы органдардың 2005-жылдың алғашқы жартысындағы жұмыс жоспарын бекіту, Кеңес төрағасын сайлау межеленген.
Шараға Әзербайжан атынан ТМД мемлекетаралық кеңесінің көрме-жәрмеңке ісі жөніндегі Әзербайжан өкілі, экономикалық даму министрлігінің кәсіпкерлікті дамыту департаментінің директоры Алигусейн Шалиев қатысады.

Перейти к новостям спорта