Жатақханада Қазақстанның екі азаматы тұрақты тұрған. Әзірге олардың қайсысы зардап шекті және қазіргі жағдайы қалай деген ақпарат белгісіз.
Мәскеудегі Патрис Лумумба атындағы Ресей халықтар достығы университетінің жатақханасында дүйсенбіге қараған түнде шыққан өрттен 32 адам қаза тауып, 140-тай адам жарақаттанған. Мәскеу ІІББ-ның ақпарат және бұқарамен байланыс жөніндегі басқармасы бастығының міндетін атқарушы Кирилл Мазуриннің хабарлауынша, өртеніп өлген 28 адамның мәйіті жатақхана ішінен, үшеуі көшеден табылса, тағы бір адам жедел жәрдем көлігінде қайтыс болды. Қаза тапқандардың көбісі көмірқышқыл газынан уалнып өлген. Сондай-ақ, өрт кезіндегі дүрбелеңнен жатақхана терезелерінен секіріп кеткен студенттер арасында да қаза тапқандар бар.
Қазіргі жағдаймен жатақхана қасақана өртелген деген ақпар негізгі версиялардың бірі ретінде аталып отыр.