Мәскеуге білім қуып барған қазақ ұлы еліне табытпен оралатын болды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мәскеуге білім қуып барған қазақ ұлы еліне табытпен оралатын болды

Мәскеуге білім қуып барған қазақ ұлы еліне табытпен оралатын болды

Мәскеуге білім қуып барған қазақ ұлдарының тағы бірі еліне табытпен оралатын болды. Губкин атындағы Ресей мемлекеттік мұнай және газ университетінде оқып жүрген 24 жастағы Ернар Әлиев Мәскеуде белгісіз біреулердің қолынан қаза тапты.   

  • 29 Маусым 2011
  • 593
Фото - Caravan.kz

 Алдын ала мәліметттерге қарағанда, Ернарды көше бұзақылары пышақтап кеткен. Айта кету керек, 2008 жылдың соңында Мәскеуде оқып жүрген қазақ студенті Ерлан Айтымов скинхедтердің қолынан қаза тапқан болатын. Ал бұл жолғы оқиғаның ондай сипаты әзірге расталған жоқ. Ернар Әлиевтің мүрдесі бүгін кешке дейін Алматы қаласына жеткізіледі деп күтілуде. Ернар – Қазақстан халық ассамблеясы төрағасының бұрынғы орынбасары Жұматай Әлиевтің ұлы. Бұл азаматтың екінші ұлы да  Мәскеуде оқып жатыр. Ал қайғылы жағдайдың анық-қанығы әзірге белгісіз.


Асқар Әбдірахманов
, ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі:

— Мәскеуден суыт хабар естігеніміз рас. 24 жастағы студент Ернар Әлиев Мәскеуде Губкин атындағы университетте оқыған. Сенбіден жексенбіге қараған түнде қаза болды. Қазір Мәскеудің құқық қорғау органдары тергеу жұмыстарын  жүргізуде, әзірше қосымша ақпарат бермей тұр. Өйткені тергеу жұмыстары енді басталды. 

Соңғы жаңалықтар