Мәскеуліктер Айнұр Тұрсынбаеваның кітаптарын орыс тіліне аударуға ұсыныс жасаған - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мәскеуліктер Айнұр Тұрсынбаеваның кітаптарын орыс тіліне аударуға ұсыныс жасаған

Мәскеуліктер Айнұр Тұрсынбаеваның кітаптарын орыс тіліне аударуға ұсыныс жасаған

Мәскеуліктер Айнұр Тұрсынбаеваның кітаптарын орыс тіліне аударуға ұсыныс жасаған.

  • 16 Қазан 2019
  • 70
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы хабарлайды. 

Белгілі айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаева қазіргі таңда психология мамандығына түбегейлі бет бұрған сыңайлы. Москва психоанализ институтының студенті. Аудиториясы көп Тұрсынбаева жеке парақшасында жабық түрде онлайн сабақтар мен үлкен сарайларда тренингтер өткізіп жүр. Бәрі де ақылы. Айтыскер ақынды бірі оңай ақшаның көзін тапқан, ауадан ақша жасап жүр деп кінәләса, енді бірілері халық үшін өте пайдалы іс жасап жатыр, қаншама халықтың көзқарасын дұрыс жағынан өзгертіп жүр деген қолдау пікірлер айтылуда. 

"Кеше Москва психоанализ mip_kz институтынан студенттік билет алып қайттым.. Институт ректоры lisurat "Сіздің мүмкіндіктеріңізге таң қалып отырмын.. Қаншама сауатты психологтарға диплом беріп жатырмыз, бірақ сіз қатты жылдамдықпен өсіп барады екенсіз" деп қалды..

Студенттерге жеке консультация жасалды.. Маған зерттеу жүргізген Кадышева Еленаның айтуы бойынша, маған әйелдер психологиясымен қорықпай жұмыс жасай беруіме болады екен.. "Біздің институттың Қазақстандағы амбассадоры болыңыз" деп өтініш білдіріп және менің кітаптарымды орыс тіліне аударып, таратқылары келетіндігін айтты…Білетінім бір 9, білмейтінім 99 демекші келесі қосымша оқитын бағытым түпсаналық блоктар мен аурулар психосоматикасы…", деп жазды. 


Соңғы жаңалықтар