Маскүнемдікпен байланысты аурулар мен жарақаттардан жыл сайын 2,3 млн адам өледі - Әлемдік денсаулық сақтау ұйымы - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Маскүнемдікпен байланысты аурулар мен жарақаттардан жыл сайын 2,3 млн адам өледі - Әлемдік денсаулық сақтау ұйымы

Маскүнемдікпен байланысты аурулар мен жарақаттардан жыл сайын 2,3 млн адам өледі - Әлемдік денсаулық сақтау ұйымы

Алматы. 29 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Әлемдік денсаулық сақтау ұйымының сарапшыларының пікірінше " денсаулыққа зиянды ішімдіктерді пайдалану" тұрғындардың денсаулығын әлсіретіп, алдын ала болатын өлімдер мен мүгедектіктің пайда болуының негізгі себептері . Маскүнемдікпен байланысты аурулар мен жарақаттардан жыл сайын 2,3 млн адам өледі, деп хабарлайды агенттік БҰҰ ақпарат орталығына сілтеме жасай отырып.

  • 29 Мамыр 2008
  • 598
Фото - Caravan.kz

Женевада өткен баспасөз мәслихатында ӘДҰ екі жылдың ішінде ішімдіктерді асыра пайдалануға қарсы күреске бағытталған халықаралық стратегиясын дайындайтыны жөніндегі қарарын ұсынды. Бұл қарар 24 мамырда аяқталған Әлемдік денсаулық сақтау ассамблеясының 61 сессиясы кезінде мақұлданды.

Ұйымның мәліметінше, ішімдіктерді асыра пайдалану психоневрологиялық және тағы да басқа жұқпалы емес аурулардың пайда болу тәуекелін тудырады, соның ішінде жүрек қан тамырларының аурулары, бауыр циррозы, түрлі рак дерттері бар.

ӘДҰ берген анықтамасы бойынша «зиянды ішімдікті тұтыну» тізіміне бірнеше аспектілер кіреді. Оған белгілі бір уақыт ішінде ішілген көлем, ішімдіктердің сапасы мен оны ішудің жиілілігі, оның құрамында зиянды метанол затының болуы кіреді.

Ішімдіктермен күрес стратегиясы алдағы екі жылдың ішінде келісіліп, 2010 жылы Әлемдік денсаулық сақтау ассамблеясының мақұлдануына беріледі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта