Мәслихат депутаттарын қайтадан сайлау - 19-қарашаға, екінші қайта дауыс беру - 11-қазанға белгіленді - kaz.caravan.kz
  • $ 445.66
  • 474.58
0 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мәслихат депутаттарын қайтадан сайлау - 19-қарашаға, екінші қайта дауыс беру - 11-қазанға белгіленді

Мәслихат депутаттарын қайтадан сайлау - 19-қарашаға, екінші қайта дауыс беру - 11-қазанға белгіленді

Мәслихат депутаттарын қайтадан сайлау - 19-қарашаға, екінші қайта дауыс беру - 11-қазанға белгіленді. Бұл туралы бүгін, 23-қыркүйекте Астанада өткен баспасөз мәслихатында ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрайымы Зағипа Балиева хабарлады.

  • 24 Қыркүйек 2003
  • 525
Фото - Caravan.kz

Оның айтуынша, 89 округте сайлау қайтадан өткізіледі, себебі , бұл округтерде сайлау додасына түскен бірде-бір кандидат қажетті мөлшерде дауыс жинай алмаған. З.Балиева осы орайда, қолданыстағы заңға сәйкес, 20-қыркүйекте сайлауға қатысқан барлық кандидаттар екінші мәрте сайлауға қатыса алмайтынын хабарлады.

Депутаттарды қайтадан сайлау және екінші мәрте дауыс беру шарасына алдын-ала есеп бойынша 250 млн. теңге бөлінбек.
20-қыркүйекте өткен жергілікті өкілетті органға депутат сайлау науқанына тоқталған Зағипа Балиеваның айтуынша, бұл сайлаудағы басты проблема- «науқан барысында былапыт технологиялардың қолданылуы болды». ҚР Орталық сайлау комиссиясының ақпаратына сәйкес, осындай «былапыт» технологиялар көбінесе Алматыда пайдаланылған. «Қарсыластарына қара күйе жағуға, тіпті оларды қорлап-кемсітуге бағытталған үнпарақтар бұл жолы Алматыда бұрынғыдан әлдеқайда көп шығарылды»,- деді З.Балиева.

Соңғы жаңалықтар