Қазіргі жағдаймен елімізде барлық деңгейдегі мәслихат депутаттығынан кандидат ретінде 7411 адам тіркелді. Соның ішінде 1771 адам облыстық мәслихатқа, 3623 адам аудандық, 2017 адам қалалық мәслихаттарға депутаттықтан үміткер ретінде тіркелді. Орталық сайлау комиссиясының ақпаратына сәйкес, сайлау комиссиялары мен соттар шешімімен 14 адамның кандидат ретінде тіркелу құқығы қалпына келтірілді.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, жергілікті өкілетті органға халық қалаулысын сайлау мерзімі 2003-жылдың 20-қыркүйегіне белгіленген.