Мәслихат сайлауларында Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы тарапынан 1996-жылы әшкереленген қайшылықтарға биыл да жол берілуі мүмкін - Республикалық тәуелсіз бақылаушылар желісі Қауымдастығы - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мәслихат сайлауларында Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы тарапынан 1996-жылы әшкереленген қайшылықтарға биыл да жол берілуі мүмкін - Республикалық тәуелсіз бақылаушылар желісі Қауымдастығы

Мәслихат сайлауларында Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы тарапынан 1996-жылы әшкереленген қайшылықтарға биыл да жол берілуі мүмкін - Республикалық тәуелсіз бақылаушылар желісі Қауымдастығы

20-қыркүйеке белгіленген мәслихат сайлауларында Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы тарапынан 1996-жылы әшкереленген қайшылықтарға биыл да жол берілуі мүмкін. Жергілікті өкілетті органдарға сайлау қарсаңында мониторинг жүргізе бастаған "Республикалық тәуелсіз бақылаушылар желісі" Қауымдастығының басшылығы осындай қорытындыға келіп отыр. Бұл туралы бүгін, 30-шілдеде Алматыда өткен баспасөз мәслихатында Қауымдастық президенті Дос Көшім хабарлады.

  • 30 Шiлде 2003
  • 575
Фото - Caravan.kz

Қауымдастық мәслихат сайлауларына ұзақ мерзімді мониторинг жасауды 14-шілдеден бастап қолға алған. Бақылау жұмыстарын Республикамыздың 12 аймағы, соның ішінде Алматы мен Астанадағы Қауымдастық мүшелері мен жергілікті үкіметтік емес ұйым өкілдері атқаруда. Мониторинг жоспарына сәйкес Қауымдастық бақылаушылары атқарушы билік пен сайлау комиссияларының іс-қызметіне, комиссиялардың Орталық сайлау комиссиясының күнтізбелік жоспарын орындау барысына, сондай-ақ, сайлаудан үміткерлердің сайлау алдындағы науқандық жұмыстарына баса назар аударуда.

Мониторинг нәтижесінде бақылаушылар сайлау комиссиялары тарапынан жіберілген мынадай негізгі қайшылықтарды анықтады : аймақтарда сайлау комиссияларына жергілікті атқарушы билік өкілдерін тағайындау, қоластында жұмыс істейтін адамды сайлау комиссиясына мүшелікке тағайындау оқиғаларына жол берілуде, сондай-ақ, сайлау комиссияларының жұмысы ашық емес, олардың іс-қызметі туралы ақпарат таратылмайды.
Мәселен, Оңтүстік Қазақстан облысындағы 8-сайлау округінде сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Маханбетов ауыл әкімінің орынбасары болып табылады. Осы комиссияның хатшысы болып Қызылжар әкімшілігінің бас маманы Хуснетдинов тағайындалған. Қарағандыда 1-сайлау округі сайлау комиссиясының төрағасы болып Гезик сән колледжі директорының орынбасары тағайындалса, осы комиссияның басқа мүшелерінің барлығы аталмыш колледждің қызметкерлері болып табылады. Сондай-ақ, Қарағандыдағы 2-сайлау округі сайлау комиссиясының төрағалығына ҚарМТУ ректоры Смирнов тағайындалып, комиссия мүшелеріне түгелдей оның қарамағында жұмыс істейтіндер іріктеліпті.
Бірқатар аймақтардағы сайлау комиссиялары ҚР Орталық сайлау комиссиясының тәртіптерін бұзып, кандидаттыққа ат ұсынған азаматтардан әртүрлі құжаттар тізімін талап еткен. Шымкентте бұл тізімге 9 құжат қамтылып, өмірбаян, жұмыс орнынан тәртіп бұзғандығы жөніндегі анықтама, РНН мен СИК-ті куәландыратын құжаттар, ІІБ-нан анықтама, фотосурет және құжаттарды тігетін папка талап етілген. Ал Алматы облыстық сайлау комиссиясы кандидаттардан білімі туралы диплом мен еңбек кітапшасын талап еткен.
Д.Көшімнің айтуынша, бұлардың барлығы кандидаттар құқығына қайшы. Соның салдарынан осыншама құжаттар топтамасын жинап үлгермеген кейбір үміткерді тіркеуден бас тартылыпты.
Әшкереленген қайшылықтар туралы ақпарат саяси партияларға, ҚР Оталық сайлау комиссиясына, мүдделі бейресми ұйымдар мен халықаралық ұйымдарға таратылды. Қауымдастық мәліметіне сәйкес, әзірге тіркеуден бас тартылған бір де -бір кандидат сотқа шағым түсірмеген.
Жалпы алғанда, еліміз бойынша мәслихат сайлауына 8184 адамның аты ұсынылды, соның ішінде облыстық мәслихаттарға 1969 адамның, аудандық мәслихаттарға 3951 адамның, қалалық мәслихаттарға 2264 адамның аты ұсынылды.

Соңғы жаңалықтар