Мәслихаттардың мемлекеттік мекеме түріндегі ревизиялық комиссиялар құруды регламенттейтін заң жобасы мақұлданды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мәслихаттардың мемлекеттік мекеме түріндегі ревизиялық комиссиялар құруды регламенттейтін заң жобасы мақұлданды

Мәслихаттардың мемлекеттік мекеме түріндегі ревизиялық комиссиялар құруды регламенттейтін заң жобасы мақұлданды

ҚР Парламентінің мәжілісі сәрсенбі күні алқа отырысында бірінші оқылымында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылауды жетілдіру мәселелері бойынша жекелеген ҚР заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын мақұлдады.

  • 8 Маусым 2011
  • 376
Фото - Caravan.kz

Салалық комитет қорытындысында көрсетілгендей, заң жобасымен облыс мәслихаттарының, елорда, республикалық мәндегі қалалардың құқықтық-ұйымдастырушылық мемлекеттік мекемелер түріндегі ревизиялық комиссия құруды регламенттейді. Олар жергілікті мәслихаттарға есеп беріп, өз құзыретінің аумағында жергілікті деңгейде сырты мемлекеттік бақылау жүргізіп отырады.

Бұл ретте, хабарда айтылғандай, мемлекеттік мекемелердің әдістемелік бөлігіне қатысты, біліктілікті арттыру мен қайта дайындықтан өткізу әрекетін үйлестіру есептеу комитетіне жүктеледі.

«Ревкомиссия жергілікті бюджетке келіп түсудің дер кезінде және толық көлемде жүргізілуіне, сондай-ақ жергілікті бюджетке артық төленген қаражаттың дұрыс қайтарылуына бақылау жасауға құзырет беріледі», — деп сәрсенбі күні заң жобасын мәжіліске таныстырған қаржы министрі Болат Жәмішев мәлім етті.

Мемлекеттік мекемелерді қаржыландыру жергілікті бюджет есебінен жүзеге асырылады.

Министрдің айтуынша, ревкомиссиялар төрағадан, мәслихат 5 жылға сайлайтын ревкомиссияның 4 мүшесінен және аппараттан тұрады.

Соңғы жаңалықтар