"Масқара": Белгілі журналист Алматы әуежайына қатысты жанайқайын айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 485.04
  • 525.98
+1 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Қазан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Масқара": Белгілі журналист Алматы әуежайына қатысты жанайқайын айтты

"Масқара": Белгілі журналист Алматы әуежайына қатысты жанайқайын айтты

Белгілі журналист Шыңғыс Мұқан Алматының әуежайына қатысты жанайқайын жеткізді.

  • 17 Қазан 2023
  • 86
Фото - Caravan.kz

Ол Алматы әуежайы тым тар екенін, оның орнына ірі әуежай салу керектігін кесіп айтты, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы. 

Оның айтуынша ол мұндағыдай кептелісті шетелге сапарға шыққан сайын көреді екен. 

"Елің үшін мақтанатын кездер де, өкінішке қарай, ұялатын кездер де болады. Алматының әуежайынан ұшқан сайын ұяламын, әсіресе шетелге шықсам. Ал биыл мен осы әуежайдан 5 рет шетелге ұшыппын. Жыл соңына дейін тағы екі-үш сапарым бар.

Екі миллион халқы бар ешқандай қалада мұндай масқара әуежай жоқ шығар. Өзің үшін ұялмайсың, ауласына көлікпен кірсең шыға алмайтын, шықсаң кіре алмайтын, орын таппай тығылып, әжетханаға кірсе мұрнын шымшып шығатын шетелдіктер үшін ұяламын.

Осы ма елдерің, масқара деп кететіндей. Олай айтатындай бар ғой, рас қой. Әуежай — қонақтар келгенде алғашқы және соңғы әсер алатын орын. Бұл әсер туристік тұрғыдан да, елді қабылдау (восприятие) тұрғысынан да аса маңызды. Қазақстанға, Алматыға пәленбей миллион турист келді/келеді деп кеуде соғып жүргендерді осы залда күттіріп, майшабақтай тығылысқан автобуспен ұшаққа апарып мінгізер ме еді.

Үйге қонақ келер болса, әсіресе құдалар сияқты маңызды қонақтарды күтетін болсақ, үйді ақтап-сырлап, қол сүртетін сүлгіге дейін жаңасын сандықтан шығарып, кесенің жиегі сырлысын ұсынатын халықтың ниетіне бұл көрініс еш сай емес. Алматының әуежайынан ұшқан сайын осы постты жазам деп оқталам, осы жолы сәті түсті. Неге бұлай болды деген сауал мазалайды.

1. Алматы астана мәртебесінен айырылған соң бұл қалаға аса көңіл бөлінбегендей (жолайрықтар мен метроны есептемегенде).

2. Көңіл бөлетін, шешім қабылдар шенеуніктер виппен ұшады.

Осы екі себеп, менің ойыма түскені. Басқа себеп болса, комментке жаза кетіңіз.

Жаңа терминал салыстырмалы түрде жуырда ғана басталды. Түріктер келіп қолға алмағанда біткен екенбіз. Ал мұндай терминал Түркияның әуежайында емес, әрбір автовокзалында бар, мақтанатындай емес", — деп жазды ол.