Масқара боп жеңілген Кенесары хандарыңды неменеге айта бересіңдер? - қырғыздар - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-1 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Масқара боп жеңілген Кенесары хандарыңды неменеге айта бересіңдер? - қырғыздар

Масқара боп жеңілген Кенесары хандарыңды неменеге айта бересіңдер? - қырғыздар

Алмазбек Атамбаевтың сөзінен соң әлеуметтік желілерде қазақтардың ашуға беріліп қазақтың соңғы ханы Кенесары туралы жаза бастауы қырғыздардың шамына тие бастаған сыңайлы.

  • 17 Қазан 2017
  • 27759
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы хабарлады.

Мәселен Түркі Халықтары Лигасы тобының әкімшісі  Kanybek Bakir Uulu  "Масқара болып жеңілген Кенесары хандарыңды неменеге айта бересіңдер?" депті. Оның фейсбуктегі толық жазбасы былай өрбіген:

"Қазақ туысқандар, бауырлас халықпен соғысудан бас тартып, қасындағылары сатып кеткен ханды, масақара түрде жеңіліске ұшыраған Кенесары хандарыңды не үшін қайталап айта бересіңдер, таң қаламын. Сендерде не, басқа хандарың жоқ па? Әлде, сендердің тарихтарыңда басқа жағымды кейіпкер болмаған ба? Түсінбеймін, бәрің Кенесары ханға тіреліп қалғандайсыңдар және әрқайсысың бір тарихты, бір нұсқаны қайта-қайта, сөзбес-сөз қайталайсыңдар. Құдды біреу осы оқиғаны ойлап тауып, бәрі бар ашуды сыртқа шығару үшін сылтау күтіп жүргендей. Шынымды айтсам, менің сендерге жаным ашиды. Сендер қандай бақытсызсыңдар!"

Сондай-ақ жазба авторы одан да пайдалы іспен айналысыңдар, өзге де маңызды мәселелер бар деп жол сілтейді.


Еске сала кетсек, Қырғыз президенті Алмазбек Атамбаев өткен аптада Қазақстанға қарата бірнеше өткір мәлімдеме жасаған болатын. Солардың бірінде ол «Қырғыз еліне қылыш ұстап келгендер басын қалдырып кетеді» деп Кенесары ханды меңзеген еді. Бұл өз тарапынан желіде қазақтардың ашу-ызасын туғызды.