Бірақ оның астарында тату, пирсинг және адамның ойына кіріп-шықпайтын шаш үлгілері жатыр. Мына суреттерді көріп, Сіз ешқашан да бұлардың Иран еліне қатысы бар екені туралы ойламайсыз.
Ашық киінген қыздар татуировка салынған әдемі денелерін көрсетіп, тіпті Lady Gaga секілді шаштарың көк ,сары түстерге бояйды.
Бұл фотосуреттер американдық Instagram парақшаларда аса танымалдылыққа ие болды.
Иранның бай қыздары брендтік киімдерді киюге әуестенген екен: Chanel, Louis Vuitton, Prada.
Қанша дегенмен де, батыстың мәдени әсерінен тіпті бұл елде де алыс кете алмайсыз. Өздерінің табиғи сұлулығын бұл қыздар көрікті косметика үлгілерімен одан әрі сымбаттауға тырысады.
Бұл қыздардың қаншалықты шынайы мұсылман екендігі белгісіз, алайда хиджаб көрікті шығыс образының айқын құралына айналған секілді. Себебі, тіпті ашықтан-ашық киінген парсы қыздары да хиджаб киюден айырылмайды.
Керемет қымбат көлік бай әрі сәнқұмар парсы әйелінің негізгі элементтерінің бірі. Көлік ішіндегі түскен фотосуреттер бүкіл Instagram парақшасын толтыруда. Жолға қарауға қашан үлгереді екен деген сұрақ бірден ойға келеді.