«Мәссаған, біз алдандық!» немесе «ақырзаман» авторы майялықтар ма?» - БАҚ-қа шолу - kaz.caravan.kz
  • $ 474.62
  • 517.19
+30 °C
Алматы
2024 Жыл
17 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Мәссаған, біз алдандық!» немесе «ақырзаман» авторы майялықтар ма?» - БАҚ-қа шолу

«Мәссаған, біз алдандық!» немесе «ақырзаман» авторы майялықтар ма?» - БАҚ-қа шолу

«Егемен Қазақстан» газетінің жазуынша, Қазақстанның Түркиядағы елшілігі осы елдің «УСАК» Стратегиялық зерттеулер орталығымен бірлесіп, «дөңгелек үстел» ұйымдастырды. Онда түрік сарапшылары елшілік түрік тіліне аударған Қазақстан Рес­пуб­ликасының Президенті Н.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» Стратегиясы - қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауының негізгі басымдықтарымен, Мемлекет басшысының «G-Global» бастамасы таныстырылды. «Н.Назарбаевтың арқасында Қазақстан мығым, бәсекеге қабілетті мемлекет ретінде аяққа тұрды. Осынысымен де Қазақстан Президенті ұсынған елдің 2050 жылға дейінгі даму стратегиясы Қазақстан үшін ғана емес, бүкіл әлем үшін де маңызды болып табылады», - деп атап өткен Орталық сарапшылары. Ақпарат «Түрік сарапшылары Мемлекет басшысының «Қазақстан - 2050» Стратегиясы Жолдауын жоғары бағалады» деген тақырыппен берілген.

  • 27 Желтоқсан 2012
  • 518
Фото - Caravan.kz


«Оңтүстік Қазақстан облысы аумағында шекарашылар ұшағының апатқа ұрынуының себептері мен салдарын анықтау мақсатында әскери прокуратура, тәуелсіз сарапшылар және Ұлттық қауіпсіздік комитеті тарапынан үш бірдей комиссия құрылды. Оқиға орнына шұғыл жеткен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Нұртай Әбіқаев марқұм болған әскерилердің отбасымен кездесті», — деп жазады «Егемен Қазақстан» бүгінгі санындағы «Апат жағдайы тексеріліп жатыр» деген тақырыптағы мақаласында. «Апат орын алған орынды барып өз көзіммен көрдім. Қаза тапқандардың туған-туыстарымен жолығып, Елбасының және өзімнің атымнан көңіл айттым. Барлық қаза тапқан бауырларымыз біздің әскери достарымыз. Соңғы сапарға шығарып салу жұмысын ұйымдастырамыз. Үкіметтің атынан олардың отбасыларына керекті көмектер жасалады», — деді Н. Әбіқаев.

***

Мәлімнен гөрі беймәлімге сенгіш, көрінетіннен гөрі көмескіге құмар адам баласы Ұлу жылын үлкен үмітпен қарсы алып, үрейлі үдеріспен шығарып салды десе болғандай. Үрейлі үдеріс деп отырғанымыз — «21.12. 2012» деген сандар тізбегіне қатысты «Ақырзаман» айтысы. «Болады-болмайды, сөнеді-сөнбейді, төнеді, төнбейді» — қып-қызыл айтыс, қызылкеңірдек емей немене, шындығында, ол анау-мынау емес, алты миллиардтың алауыздығына алып келсе… Күн сөне қалса, аспаннан тас төне қалса деген қорқыныштан қолына шырағданын ұстап, азық-түлік толы қоржынын арқалаған алты миллиардтың тең жартысы жандалбасалап, сәл болмағанда жұмыр Жерді тастап қашуға әзір болғаны да өтірік емес. Соның бәрі бір ғана «Майя күнтізбесінің» кесірі. Бұл жайында молынан мағлұмат алғыңыз келсе, «Алаш айнасы» газетіндегі «Мәссаған, біз алдандық!» немесе «ақырзаман» авторы майялықтар ма?» деген тақырыптағы мақалаға назар салыңыз.

Григорий күнтізбесі бойынша тойланатын Жаңа жылды бүгінде бүкіл әлем болып қарсы алу үрдіске енді. Қазақ елі де жаһанның көшінен қалмай 31 желтоқсан күні түнде Жаңа жылдың келуін күтеді. Бір ғасыр бойы Жаңа жылды тойлаудың өзіндік дәстүрі өмірімізге енді. Бірақ қолданыстағы күнтізбенің басы саналатын бұл мейрамды еуропалық емес, қазақы сипатында тойлай алып жүрміз бе? Еуропалық негіздегі мерекені қазақтың төл мейрамына айналдырудың жолдары қандай? Міне дәл осы сауалдар «Алаш айнасы» газетінің тұрақты «Ой-көкпар» айдарында мамандар талқысына түскен. Тақырыбы — «Жаңа жылды тойлаудың қазақы үлгісін дәстүрге енгізе алдық па?»

***

«Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Шымкент қаласының маңында әскери-көлік ұшағының апатқа ұшырауына байланысты мемлекеттік және құқық қорғау органдарының басшыларымен кеңес өткізді», — деп жазады «Казахстанская правда» газеті. Басылымның атап өтуінше, Қазақстан Президенті әуе апатының барлық жай-жапсары жан-жақты зерттелетінін атап өтті. «Қызметтік тексеріс жүргізу үшін ар­найы топ құрылды. «Қара жәшікті» ашқаннан кейін біз қайғылы оқиғаның мән-жайын толық білетін боламыз. Алдын-ала мәліметтер бойынша, ешқандай жат ниетті сыртқы әсерлер болмаған деп айтуымызға болады. Бұл түрлі жағдайлардың салдары деп есептеймін. Сол күні Шымкент маңында ауа райы өте құбылмалы болды, соған қарамастан экипаж ұшақты қондыруға тырысқан. Қаладан 40 шақырым маңда ұшақ радардан жоғалып кеткен. Ұшқыш тәжірибелі еді, ұшақ жарамды жағдайда болған, жоспарлы жөндеуден өткізілген. Дегенмен, оқиғаның барлық мән-жайы, апатқа ұшырау себептері біз жүргізіп отырған толық тексерістен кейін нақты белгілі болады», — деді Мемлекет басшысы.