Онда сотталған Матаевтар мен олардың қорғаушыларының аппеляциялық шағымы қаралды. Қорғаушылар сот үкiмімен түбегейлi келiспей отыр, деп хабарлайды Baq.kz.
Судья бүгiнгi отырыста сондай-ақ, Астана қаласы №2 Есiл аудандық сотының 2016 жылғы 3 қазандағы үкiмiне прокуратураның аппеляциялық наразылығы қаралатынын айтты.
Судья алқаға Андрей Петров, Мадина Бәкиева мен басқа да қорғаушылардан жазбаша өтiнiш келiп түскенiн жеткiздi. Сотталғандардың қатысуынсыз өткен отырыста олардың шағымдары мен өтiнiштерiн қорғаушылары таныстырды. Бұл өтiнiштерде аппеляциялық инстанциядағы сотқа Матаевтарды қатыстыру қажеттiгi, дәлелдердi қосымша зерттеу үшiн сот тергеуiн жаңғырту туралы айтылған.
«Тергеу мен басты сот отырысы барысында мемлекеттiк айыптаушы тараптың куәгерлерiнен ғана жауап алынды. Сондай-ақ, алдын-ала тергеу барысында жауап алынған 202 куәгерден қайта жауап алу туралы өтiнiшiмiздi судья қанағаттандырмай тастады, сондықтан аппеляциялық инстанцияда осы өтiнiштi қайта берiп отырмыз. Олардың жауабы сотталушылардың кiнәсiздiгiн дәлелдеуге мүмкiндiк бередi», — деген М.Бәкиева тағы бiрқатар өтiншті таныстырды.
Сондай-ақ, отырыста жәбiрленушiлер тарабы мен айыптаушы жақтың да пiкiрлерi тыңдалды. Бүгiнгi шағымдар мен өтiнiштер жөнінде шешiм алдағы уақыта жарияланады.
Естерiңiзге сала кетсек, 3 қазанда Астана қаласының №2 Есіл аудандық сотында Сейтқазы және Әсет Матаевтарға қатысты үкім шықты. Сот Қазақстан журналистер одағының басшысының мүлкін тәркілеп, 6 жылға бас бостандығынан айыру, ҚазТАГ ақпараттық агенттігінің бас директоры Әсет Матаевтың жеке мүлкін тәркілеп, 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.