Статистикалық мәліметтерге қарағанда, маусымда азық-түлік өнімдерінің бағасы өзгерген жоқ, ал өнеркәсіп өнімдерінің бағасы мен қызметтер ақысы 0,2 процентке қымбаттады.
Тұтастай алғанда, еліміз бойынша 2003-жылдың алғашқы жартысында тұтыным тауарларының құны өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 2,3 процентке өсті. Былтыр бұл көрсеткіш 3,1 процентті құраған болатын.