Жарияланды: 610

Маусым айында Қырғызстандағы қазақстандық туристер саны 40% -ға дерлік артты

Ағымдағы жылы Ыстықкөлде тынығып жатқан қазақстандықтар саны 35-40%-ға дерлік артты, деп «Байтерек» туристік компания жетекшісі Раушан Сартаева мәлім етті.

«Қырғызстанда белсенді саяси оқиғалар аяқталып, маусым айында оған барып жатқан туристер саны арта түсті. Мысалы, маусым айында онда Қазақстаннан барған тынығушылар саны 35 мыңнан асты. Бұл 2010-шы жылғыдан 35-40%-ға артық», - деді Р. Сартаева дүйсенбі күнгі баспасөз мәслихатында. Ол сондай-ақ Қазақстан мен Қырғызстан туристік операторлары Алматы мен Ыстықкөл арасында тұрақты әуерейсін ашқанын хабарлады. «USAID қолдауымен Алматы мен Тамчы (Ыстық көлдің солтүстік жағалауындағы Балықшы қаласынан 42 км жердегі әуежай – ҚазТАГ) арасында әуе қатынасы орнады. Бұл рейс екі аралыққа өте көп уақыт жоғалтқысы келмейтін тынығушылар үшін арналды», - дейді «Компас» туристік агенттігінің атқарушы директоры Ирина Дорош. Оған SCAT авиакомпаниясынан Ан-24 ұшағы жалға алынды. Қырғыздар жағынан жоба серіктесі ретінде «Муза, туризм және саяхат» туристік компаниясы қатысты. «Біз Алматы мен Тамчы арасына алғашқы рейсті 30 маусымда жасадық. Бүгін туристермен оралдық. Біз маусым аяғына дейін 18 рейс жасаймыз деп отырмыз», - деді Р. Сартаева. Бұрын хабарланғандай, Қырғызстан экономикалық реттеу министрлігінің мәліметтерінше, 2009-шы жылы қырғызстанға 2 млн-дай турист барса, олардың 70%-дайы Қазақстан азаматтары. Бұл ретте туристердің жалпы саны 2008-ші жылмен салыстырғанда 50 %-ға азайыпты. Сондықтан тусризм саласының кірісі 2009-шы жылы 2008-ші жылмен салыстырғанда 40% деңгейінде болыпты.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін