«Мамыр және маусым айларында айтарлықтай интервенциялар жасаған жоқпыз. Жағдай тұрақты болды. Бағам 146,34-ке($1доллар үшін теңге– ҚазТАГ) дейін барды. Қазір ол қайтадан Т145,8-ге дейін төмендеді. АҚШ доллары 145-146 теңге болғанда, біз мүлдем араласқан да жоқпыз», — дедіГ. Марченко сейсенбі күні баспасөз мәслихатында.
Теңгенің бағамына автокөліктердің импорты елеулі әсер етті, деген болжам жасады Ұлттық банктің басшысы.
«Статистка көрсетіп отырғандай, 1 шілдеде өзгерістер басталатындықтан (ҚР-ға автокөліктерді әкелудің жеңілдікті шарттарының аяқталуы — ҚазТАГ), бірінші жарты жылдықта автокөліктер импортының көлемі артты. Біріккен Араб Әмірліктерінен, АҚШ-тан, Германиядан көп әкелді. Валютаға деген сұраныс осыдан болды деуге болады. Сатып алулардың көлемі де осыған байланысты төмендеген жоқ. Бірақ мамыр айында айырбастау қосындарында валютаның нетто-сатып алулардың төмендегені байқалды», — деді Г. Марченко.
Ұлттық банктің мәліметтеріне сәйкес, жалпы маусым айында теңге 0,3%-ға әлсіреп, айдың соңында биржадағы бағам $1 үшін Т145,83 құрады.
Маусым айында Қазақстандық қор биржасындағы биржалық операциялардың көлемі қосымша саудадағы мәмілелерді есептегенде, мамыр айымен салыстырғанда 21,7%-ға артып, $5,7 млрд құрады. Биржадан тыс нарықта операциялардың көлемі 2,3%-ға артып, $3,6 млрдқұрады.
Жалпы ішкі валюта нарығындағы операциялардың көлемі 13,4%-ға артып, $9,4 млрд құрады.