Маусым айында валюта нарығындағы ахуал тұрақты болды - kaz.caravan.kz
  • $ 448.89
  • 477.93
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Маусым айында валюта нарығындағы ахуал тұрақты болды

Маусым айында валюта нарығындағы ахуал тұрақты болды

2011 жылдың маусым айында Қазақстанның ішкі валюта нарығындағы жағдай тұрақты болды, деп мәлім етті ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Григорий Марченко.

  • 5 Шiлде 2011
  • 458
Фото - Caravan.kz

«Мамыр және маусым айларында айтарлықтай интервенциялар жасаған жоқпыз. Жағдай тұрақты болды. Бағам 146,34-ке($1доллар үшін теңге– ҚазТАГ) дейін барды. Қазір ол қайтадан Т145,8-ге дейін төмендеді. АҚШ доллары 145-146 теңге болғанда, біз мүлдем араласқан да жоқпыз», — дедіГ. Марченко сейсенбі күні баспасөз мәслихатында.

Теңгенің бағамына автокөліктердің импорты елеулі әсер етті, деген болжам жасады Ұлттық банктің басшысы.

«Статистка көрсетіп отырғандай, 1 шілдеде өзгерістер басталатындықтан (ҚР-ға автокөліктерді әкелудің жеңілдікті шарттарының аяқталуы — ҚазТАГ), бірінші жарты жылдықта автокөліктер импортының көлемі артты. Біріккен Араб Әмірліктерінен, АҚШ-тан, Германиядан көп әкелді. Валютаға деген сұраныс осыдан болды деуге болады. Сатып алулардың көлемі де осыған байланысты төмендеген жоқ. Бірақ мамыр айында айырбастау қосындарында валютаның нетто-сатып алулардың төмендегені байқалды», — деді Г. Марченко.

Ұлттық банктің мәліметтеріне сәйкес, жалпы маусым айында теңге 0,3%-ға әлсіреп, айдың соңында биржадағы бағам $1 үшін Т145,83 құрады.

Маусым айында Қазақстандық қор биржасындағы биржалық операциялардың көлемі қосымша саудадағы мәмілелерді есептегенде, мамыр айымен салыстырғанда 21,7%-ға артып, $5,7 млрд құрады. Биржадан тыс нарықта операциялардың көлемі 2,3%-ға артып, $3,6 млрдқұрады.

Жалпы ішкі валюта нарығындағы операциялардың көлемі 13,4%-ға артып, $9,4 млрд құрады.

Соңғы жаңалықтар