Маусым айының соңғы күндері ҚР Премьер-министрінің Францияға ресми сапары күтілуде - kaz.caravan.kz
  • $ 451.38
  • 487.22
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
14 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Маусым айының соңғы күндері ҚР Премьер-министрінің Францияға ресми сапары күтілуде

Маусым айының соңғы күндері ҚР Премьер-министрінің Францияға ресми сапары күтілуде

26-27 маусым күндері ҚР Үкіметінің басшысы Кәрім Мәсімовтің Франция мемлекетіне ресми сапары күтілуде.

  • 14 Маусым 2011
  • 407
Фото - Caravan.kz

«Қазіргі уақытта үстіміздегі жылдың 26-27 маусымында ҚР Үкіметінің басшысы К.Мәсімовтің Францияға сапарына әзірлік жұмыстар аяқталу үстінде. Оның барысында тараптар жоғары деңгейде қол жеткізілген келісімдердің жүзеге асырылуына талдау жасап, қазақстандық-француздық стратегиялық диалогтың дамуы мәселесін талқылайтын болады», — деп атап өтті бүгін Астанада өткен Қазақстан-француз жоғары оқу орындарының екінші халықаралық форумында ҚР Сыртқы істер министрлігі Еуропа департаментінің директоры Әділ Тұрсынов.

Ә.Тұрсыновтың айтуынша, Францияның білім беру жүйесін жетілдіру, басқаруда тиімді жүйелерді енгізу және ғылыми зерттеулердің бәсекеге қабілеттілігі бағыттарындағы тәжірибесін зерттеп, имплементациялауға Қазақстанның қызығушылығы жоғары болғандықтан, ресми кездесулер өтетін Матиньон сарайында сондай-ақ, білім беру және академиялық ықпалдастық мәселелері талқыланатын болады.

СІМ өкілі атап өткендей, 2009 жылы экономикалық салада болған қалыпты деңгейден болмашы ауытқулардан кейін, өткен жылы Қазақстан мен Франция арасындағы екіжақты тауар айналымы 28 пайызға артып, 5 млрд.қа жуық АҚШ долларына жетті. Нәтижесінде, бүгінде Франция Қазақстанның серіктестерінің арасында Қытай, Ресей және Италиядан кейінгі төртінші орында тұр. Бүгінгі күні Қазақстан мен Франция жаңа технологияларды пайдалана отырып энергетика, қорғаныс, ғарыш, әуе құрылысы, көлік, денсаулық, металлургия, құрылыс және ауыл шаруашылығы салаларында бәсекеге қабілетті бірқатар бірлескен жобаларды жүзеге асыруда.

Сондай-ақ Ә.Тұрсыновтың айтуынша, Елбасының Астанадан 7 сағаттық ұшу уақыты шегіндегі қалаларға әуе бағыттарын ашу туралы тапсырмасына орай жуырда Францияға тікелей әуе кемелері қатынайтын болады.

Соңғы жаңалықтар