Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы Tengrinews.kz-қа сілтеме жасап хабарлайды.
Досаев Әуезов ауданында көлік кептелісі жиі болатынын, бұл тұрғындардың жайлылық деңгейіне кері әсер ететінін айтты.
"2022 жылдың маусымында Әуезов ауданындағы "Сары-Арқа" және "Момышұлы" метро станциясын іске қосамыз. Бұл метрополитеннің тәуліктік жолаушылар ағынын 40 мыңнан 86 мыңға дейін арттырады", — деді мегаполис басшысы.
Сондай-ақ, ауданда Төле би көшесін ұзарту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Досаев бұл үшін әкімдікке 270 жер учаскесін босату қажет екенін атап өтті. Шенеуніктер 63 учаскенің сатып алу бағасына келіскенін, қалған 207 учаске бойынша келіссөздер жүргізіліп жатқанын айтты.