Е.Ашықбаевтың айтуынша, “отырыс барысында “ЕурАзЭҚ аясында қылмыстық жазаларды жүзеге асыру саласындағы ынтымақтастық туралы” және “ЕурАзЭҚ аясындағы сот-сараптама саласындағы ынтымақтастық туралы” келісімдерге қол қойылады”.
АСТАНА. 26-маусым. Kazakhstan Today. 30-маусымда Минск қаласында ЕурАзЭҚ-қа мүше елдердің Интеграциялық комитетінің жанындағы әділет министрлері кеңесінің кезекті отырысы өтеді. Бұл туралы бүгін журналистерге арнап өткізілген қысқаша баспасөз мәслихатында ҚР СІМ-нің ресми өкілі Ержан Ашықбаев құлағдар етті,- деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.