“Маһрге сұраған затын естігенде жылап жібердім”. Актриса Жанель Мақажан маһрге не қалады? - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-5 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
“Маһрге сұраған затын естігенде жылап жібердім”. Актриса Жанель Мақажан маһрге не қалады?

“Маһрге сұраған затын естігенде жылап жібердім”. Актриса Жанель Мақажан маһрге не қалады?

Актриса Жанел Мақажанның маһрге сұраған заты күйеуін естен тандыра таң қалдырды. 

  • 4 Шiлде 2022
  • 3942
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz порталы хабарлайды.

Актрисаның жолдасы актер Абай Асылхан әлеуметтік желіге жазба жариялады.

"Мәһр! Аманатым екеуміздің некелескенімізге бір жыл толды. Бір жыл, көзді ашып жұмғанша зымырап өтті. Неке қиған кезде мәһрді орындаудың реті келмей жүрген еді, бір жылдыққа бұйырыпты!

Шынымды айтайын, неке қиғанда аздап уайымдағаным бар, болашақ жарым мәһрге не сұрайды екен — деп.
Сүйтіп имам, не сұрайсыз деген сұрақ қойғанда, Аманатым кідірместен: иманымды күшейтетін кітаптар сұраймын, мен үшін ең қымбат сый сол! — деген кезде, менің көзімнен жас шықты. Менің болашақ жарыма қу дүниеге деген қызығушылық емес, одан да биік, қымбат құндылық барына қатты Риза болдым!

Енді бір жылдығымызды атап, демалыста жүрміз
Аманатым, мен сізді Аллаһ разылығы үшін жақсы көремін! Мен сізбен, Бақыттымын!",- деді.

Еске салсақ, Алтынай Жорабаева екінші мәрте тұрмысқа шыққанда күйеуінен маһрге салоннан су жаңа көлік сұрған болатын.

Желі оқырмандары: "Бақытты болыңыздар","Алтындарым","Молодец","Ақылды қыз екен","Маһрге қымбат зат сұрайды ғой","Мықты",Бақыттарың баянды болсын",- деп жазды.