«Мазда-626» маркалы автокөліктерін ұрлауды кәсіп еткен 18 жастағы күдікті ұсталды
Алматы қаласында криминалдық полиция қызметкерлері ағымдағы жылғы қараша мен желтоқсан айларында алты автокөлік ұрлығын жасаған 18 жастағы күдіктіні қолға түсірді. Бұл туралы ҚР ІІМ баспасөз қызметінің мәліметтерінде хабарланған. |
Желтоқсан айының басында полицияға Алматы қаласындағы базарлардың бірінен «Мазда-626» маркалы автокөлігінің ұрланғаны туралы хабарлама түседі.
Қылмыскер Алатау ауданында қолға түсті. Автокөлікті 18 жастағы күдікті жүргізді.
Алатау және Жетісу ауданының ІІБ қызметкерлерінен құрылған тергеу-жедел тобы қылмыскердің осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығын тексеруде.
Кешенді жедел-іздестіру және тергеу шараларын жүргізу кезінде 6 қылмыстың беті ашылды. Күдікті «Мазда-626» маркалы автокөліктерін бұдан әрі сайманға сату үшін ұрлап отырған. Ұрланған барлық автокөліктер тәркіленіп, иелеріне қайтарылды.
Күдікті Алматы қаласының ІІД уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін