Әнші әріптесі Ерке Есмаханды ерекше мақтады деп, жазды Caravan.kz медиа порталының тілішісі.
Ол көпшіліктің Ерке мен Раймға не үшін қолдау білдірмегеніне түсіне алмай, дал болғанын жеткізді.
"Еркені бір адамдай танитын адам болса ол мен шығармын.
Екеуміздің дуэтіміз талайдың көзайымына айналды.
Кейін жалғасын да түсірдік.
Қанша концерттерде, тойларда, түсірілімдерде бірге жүрдік.
Сапарларда қатар жүрдік.
Қазақтың бір қызы осындай-ақ болсын.
"Итпен некесін қиып жатыр": Мұхамеджан Тазабек те Райм мен Ерке Есмаханның некесін қозғады
Бұл енді менің өз ұстанымым.
Өнері де, табысы да бір басына жетерлік болса да ер азаматқа дауыс көтеріп, жолын қиған кезін көрмеппін.
Отбасы да, өскен ортасы да қазақы, тәрбиелі кісілер.
Ал енді қазіргі жастардың сүйіп тыңдайтын әншісі Райым бауырымыз туралы Ерке сияқты терең білмесем де, жақсы танимын, өнерін бағалаймын.
Миллиондардың жүрегін жаулап ол жерге тұрақты жол табуға талассыз талант пен қоса үлкен еңбек керек.
Ал енді айтыңыздаршы, осы жұлдызды жұптың жүрек жарастығынан кімге қандай зиян?
Еркенің жасы ма бар әңгіме, әрісі Пайғамбар ғ.с.м мен Хадиша анамыз берісі кешегі арғы-бергі тарихымызда бұған мысал өте көп.
Кейде мәжбүрліктен, кейде шынайы махаббаттан, кейде әмеңгерлікпен мұндай жас айырмашылықтары бізде болып тұрған.
Бұл жерде Алланың шариғаты, адамның табиғаты бұзылып жатқандай аттандаудың себебін көріп тұрған жоқпын.
Қазір небір арсыздықтар мен адамның ауызы бармайтын азғындықтардың белең алып тұрған шағында азаматын тауып, етегінен ұстап, ақ ниетпен, ақ некесін қидыруға мешітте отырған екі әріптесімізге кей кісілердің неге шүйліккенін түсіне алмай далмын.
Ештеңе жоқ, су ағады, тас қалады.
Адамдар тағдырын өзі жазса бұдан қиын шимай-қатпақ қылар еді, сондықтан Алланың жазған тағдырына мойын ұсынып, ақырының қайырын сол Жаратушының өзінен ғана тілеу керек.
Рахат ақын айтқандай “бос сөйлейтіндер мен көп сөйлейтіндер, шешпейді біздің тағдырды”.
Райым, Ерке, лайым бақытты, ғұмырлы болыңдар.
Мен сіздермен біргемін әрі әркез тілекшімін!!!, деп жазды әнші әлеуметтік желідегі парақшасында.
Өнердегі әріптестері Мөлдір Әуелбекова "Некелері ақыреттік болсын!", деп жазды.
"Пайғамбармен салыстыратын бұлар кәмдер", "Осылай жазасыздар да, ертең ұлдарыңыз дәо Раймның ісін қайталаса, келіспейсіздер ғой бәріьір", "Сонда Еркенің сөзін сөйлеп, кейінгі жастарға берген тәрбиелерің ба?", деп жазды оқырмандар.
Дейтұрғанмен, оқырмандар арасынан "Бақытты болсын!" деп жазып, ізгі тілек тілегендер де бар.