Мәжіліс 2002-жылғы республикалық бюджеттің орындалуы туралы есепті қарады - kaz.caravan.kz
  • $ 445.66
  • 474.58
0 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мәжіліс 2002-жылғы республикалық бюджеттің орындалуы туралы есепті қарады

Мәжіліс 2002-жылғы республикалық бюджеттің орындалуы туралы есепті қарады

Бүгін, 19-маусымда Астанада өткен мәжілістің жалпы отырысында халық қалаулылары үкімет пен есеп комитетінің 2002-жылғы республикалық бюджеттің орындалуы туралы есебін қарады,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі Астанадан.

  • 19 Маусым 2003
  • 592
Фото - Caravan.kz

Есеп бойынша, 2002-жылы Жалпы Ішкі өнім мөлшері 3 747,2 млрд. теңгені құрады. Ал жоспар — 3 499,0 млрд. теңге болатын. Сөйтіп Жалпы Ішкі өнім мөлшері жоспардың 107,1 процентін құрады. Жалпы Ішкі өнімнің өсу қарқыны , нақтыланған болжамға сәйкес, 2001-жылғы деңгеймен салыстырғанда 109,5 процент болды. Жоғары экономикалық өсу қарқынына экономиканың нақты секторында өнім өндіру және ақылы қызмет түрлерінің ауқымы артуы нәтижесінде қол жеткізілді. 2002-жылы өнім өндіру мөлшері 9,6 процент, ақылы қызметтер көлемі 9,8 процентті құрады.

Өнеркәсіп өнімінің жалпы көлемі 2001-жылғы деңгеймен салыстырғанда 9,8 процентке артты, соның ішінде тау-кен өнеркәсібінің өнімі 14,7 процентке, өңдеу өнеркәсібінің өнімі 7,7 процентке өсті.
Бюджеттің кіріс бөлігі жылдық жоспардан 108,6 процентке артық орындалды (жоспардағыдан артық 40,1 млрд. теңге кіріс кірді) , шығыс бөлігі жылдық жоспардың 94,1 процентін құрады (35,9 млрд. теңге игерілген жоқ).
Республикалық бюджеттің тапшылығы 4,7 млрд. теңге немесе Жалпы Ішкі Өнімнің 0,12 процентін құрады.
Кіріс жоспарының 39,9 млрд. теңгеге асыра орындалуы және бюджеттің 35,9 млрд. теңге шығыс бөлігінің игерілмеуі арқасында бюджет тапшылығы 75,8 млрд. теңгеге азайды.
Алынған ресми трансферттер көлемі 49,1 млрд. теңге немес жоспардың 100 процентін құрады.
Бұған дейін бюджет есебінен берілген 10,5 млрд. теңгенің қарызы қайтарылды , бұл — жоспардың 98 процентін құрайды.
Регламент бойынша, 2002-жылғы республикалық бюджеттің орындалуы туралы есеп сенаттың жалпы отырысында да қаралуы тиіс. Ал есеп бойынша ақырғы шешім парламент палаталарының бірлескен отырысында қабылданады.

Соңғы жаңалықтар