Заң шығару процедурасына сәйкес, аталмыш заң жобасына қатысты шешімді парламент бірлескен отырыста қабылдайды.
Бұдан бұарны да хабарлағанымыздай, заңға енгізілгелі отырған түзетулерге сәйкес бюджеттің кіріс бөлігін 108,1 млрд. теңгеге ұлғайтып, 1 трлн. 249 млрд. теңгеге, шығыс бөлігін 120,4 млрд. теңгеге ұлғайтып, 1 трлн. 362,7 млрд. теңгеге жеткізу көзделіп отыр. Бюджет тапшылығын 12,1%-ке 113,7 млрд. теңгеге дейін арттыру межеленді.
Нақтыланған макроэкономикалық көрсеткіштерге сәйкес, 2005-жылғы Жалпы Ішкі Өнім мөлшері 6,58 трлн. теңге болмақ. Жылдық орташа инфляция 5-7% аралығында болжанған. Теңгенің АҚШ долларына шаққандағы жылдық орташа нақтыланған бағамы 130 теңге болмақ. Әлемдік нарықтағы brent маркалы мұнай бағасы бір барреліне 42 долларды құрайды деп күтілуде.
Заң жобасын алғашқы оқылымда қарауға арналған қос палатаның бірлескен отырысы 6-мамырға белгіленді.