Мәжіліс 2012 жылдың нақтыланған бюджетін мақұлдады - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мәжіліс 2012 жылдың нақтыланған бюджетін мақұлдады

Мәжіліс 2012 жылдың нақтыланған бюджетін мақұлдады

Бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында палата депутаттары «2012-2014 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» ҚР заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын мақұлдады.

  • 31 Қазан 2012
  • 259
Фото - Caravan.kz

Аталған құжат шығыстарды оңтайландыру арқылы бюджеттің кіріс бөлігінің ысырыптарын жабу жолымен бюджеттің теңгерімділігін қамтамасыз ету мақсатында әзірленген.

Бұл ретте ағымдағы жылғы республикалық бюджеттің кірістерін қайта қарауға еліміздегі экономикалық жағдай бойынша макроэкономикалық көрсеткіштердің өлшемдерін нақтылау себеп болды.

Мәжіліс мақұлдаған құжатқа сәйкес республикалық бюджет кірісінің нақтыланған болжамы бұған дейін бекітілген жоспарға қарағанда 403 млрд. 232 млн. 665 мың теңгеге азайтылып, 3 трлн. 212 млрд. 615 млн. теңге сомасында айқындалады. Оның ішінде салықтық түсімдер бойынша жоспар 414 млрд. 33 млн. теңгеге азайтылғанымен, негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер 107 млн. теңгеге ұлғайтылады.

Ал, республикалық бюджеттің кірістері 51 млрд. 269 млн. теңгеге ұлғайтылады. Мұның ішінде сыртқы сауда айналымының көлемі 37 млрд. 817 млн. теңгеге өсетіні болжанады. Бюджет тапшылығы жалпы алғанда -983 млрд. 145 млн. 718 мың теңге сомасында болжанады. Бұл елдің ішкі жалпы өнімінің 3,1 пайызды құрайды.

Сондай-ақ, бюджеттің шығыс бөлігі жалпы алғанда 179 млрд. 488 млн. теңгеге төмендетіледі.

Мәжіліс мақұлдаған құжат Парламент Сенатына жолданады.

Соңғы жаңалықтар