Мәжіліс АЭА қатысушыларына жаңа жеңілдіктер енгізуді қарастыратын заң жобасын бірінші оқылымында мақұлдады - kaz.caravan.kz
  • $ 538.57
  • 629.48
+16 °C
Алматы
2025 Жыл
19 Тамыз
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мәжіліс АЭА қатысушыларына жаңа жеңілдіктер енгізуді қарастыратын заң жобасын бірінші оқылымында мақұлдады

Мәжіліс АЭА қатысушыларына жаңа жеңілдіктер енгізуді қарастыратын заң жобасын бірінші оқылымында мақұлдады

ҚР Парламентінің мәжілісі сәрсенбі күнгі жалпы отрысында «Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы» заң жобасы мен оған ілеспе ««Қазақстан Республикасының арнайы экономикалық аймақтар мәселелері бойынша жекелеген ҚР заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын бірінші оқылымында мақұлдады.

  • 8 Маусым 2011
  • 315
Фото - Caravan.kz

Заң жобасын әзірлеуші – ҚР индустрия және жаңа технологиялар министрлігі — бұрын мәлім еткендей, жаңа заң жобасында АЭА қатысушыларына жеңілдіктер қарастырылған: үкімет айқындаған жұмыстарға қажет тауарларға ҚҚС нольдік ставкамен, сондай-ақ АЭА территориясында жер пайдаланғаны үшін салықтан 10 жылға босату жеңілдіктері қарастырылған.

Әзірленген заң жобасымен «Астана – жаңа қала» АЭА-ны ККС-тен толығымен 100 пайыз босату, ал «Алатау» инновациялық технологиялық паркі» — әлеуметтік салықты 5 жылға босату ұсынылады.

Заң жобасымен АЭА қатысушыларына «бір терезе» принципі бойынша қызмет көрсету енгізілмекші, АЭА-ларды басқарушы компаниялар енгізу, оларды акционерлік қоғам түрінде ету, ал басқару акцияларын мемлекетке беру т.б. жаңалықтар енгізілмекші.

Перейти к новостям спорта