Мәжіліс "Алқа билер туралы" заң жобасын алғашқы оқылымда мақұлдады - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мәжіліс "Алқа билер туралы" заң жобасын алғашқы оқылымда мақұлдады

Мәжіліс "Алқа билер туралы" заң жобасын алғашқы оқылымда мақұлдады

Бүгін, 27-қазанда өткен мәжілістің жалпы отырысында депутаттар "Алқа билер туралы" заң жобасын алғашқы оқылымда мақұлдады,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 27 Қазан 2005
  • 933
Фото - Caravan.kz

Әділет министрінің орынбасары Сабыржан Бекбосыновтың түсініктемесіне сәйкес, бұл заң жобасы арқылы Қазақстанда алқа билер сотының құрлықтық немесе континенталдық үлгісі қолданысқа енгізіледі.

Палатаның заңнама және сот-құқықтық реформалар жөніндегі комитетінің қорытындысы бойынша, «заң жобасы алқа билердің құқықтық мәртебесін белгілеу, алқа билердің қатысуымен өткізілетін сот отырысының жұмысын ұйымдастыру мәселелерін реттеу мақсатымен жасалған».
«Заң жобасы жергілікті атқарушы билік органдарының тиісті әкімшілік бірлік аумағында тұратын азаматтардың қатарынан алқа би болуға лайықты үміткерлердің тізімін жасауға өкілеттілігі мен міндеттерін айқындап береді»,- делінген қорытындыда.
Сонымен бірге заң жобасында үміткерлердің тізімін «барлық азаматтар үшін тең мүмкіндікті қамтамасыз ететіндей» жағдайда жасау және тізім жасау барысында жариялылық пен ашықтық принципіне бағыну процедурасы қарастырылған».
Заң жобасы алқа билердің еңбегі мен олардың қылмыстық істерді қарауға атсалысу мерзімін реттейді. Заң жобасында алқа билердің тәуелсіздігінің кепілдігі заңдастырылған. Ол «соттың обьективтілігіне түрткі болмақ».
Сонымен бірге мәжіліс «Сот өндірісін алқа билердің қатысуымен өткізу үрдісін қолданысқа енгізу мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын алғашқы оқылымда мақұлдады. Бұл заң алқа билердің қылмыстық істерді қарауға атсалысуын реттейді.
Заң жобалары екінші оқылымға әзірлеу үшін мәжілістің салалық комитетіне жолданды.

Перейти к новостям спорта