Мәжіліс арнайы экономикалық аймақтарға арналған құжатты екінші оқылымда мақұлдады
Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында палата депутаттары |
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне арнайы экономикалық аймақтар (АЭА) мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын екінші оқылымда мақұлдады.
Еске салсақ, аталған заң жобасы жалпы арнайы экономикалық аймақтардың инвестициялық тартымдылығы мен ары қарай дамуын арттыруға бағытталған. Сонымен қатар арнайы экономикалық аймаққа инвестиция үшін қосымша ынталандыру тетіктерін құру мен кедергілерді төмендету, жекеменшіктегі жер учаскелерін меншік иесінен жалға алу есебінен АЭА-ның аумағын кеңейту қарастырылған.
Бұл ретте арнайы экономикалық аймақтар аумағын кеңейту үшін жер телімдерін жекеменшік иесінен жалға алу шарттарына сәйкес жүзеге асырып, оны бекіту Үкіметтің өкілеттілігіне жатқызылады.
«Елбасының «Қазақстан-2050» стратегиясында экономикалық әлеуетті арттыру мақсатында қолайлы инвестициялық ахуалды қалыптастыру қажеттілігі айтылған еді. Бүгінгі күні қолайлы инвестициялық ахуал қалыптастыру құралдарының бірі арнайы эокномикалық аймақтардың қызметін дамыту және оны жетілдіру болып табылады», - деді заң жобасы бойынша баяндаған депутат Серікжан Қанаев.
Құжат Сенатқа жолданады.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін