«Заң жобасы заңнама нормаларын «Әскери міндет және әскери қызмет туралы» заңға сәйкестендіруге бағытталады»,- деді депутаттарға заң жобасын таныстырған қорғаныс министрінің орынбасары Қозы-Көрпеш Жаңбыршин.
Атап айтқанда, «әскери қызмет», «әскери комиссариат» сөз тіркестері «әскери қызмет» және «жергілікті әскери басқарма органдары» сөз тіркестеріне ауыстырылады.
«Прапорщик», «мичман», «мерізімінен тыс қызмет» сөздерін қолданыстан алып тастауға ұсыныс жасалды.
Заң жобасы сенатқа жолданды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті