Мәжіліс "Атырау-Ақтау автожолын жаңалау" жобасына несие бөлу жөніндегі ҚР үкіметі мен Еуропалық қайта құру және даму банкі арасындағы келісімді бекітті - kaz.caravan.kz
  • $ 520.91
  • 544.25
-6 °C
Алматы
2025 Жыл
23 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мәжіліс "Атырау-Ақтау автожолын жаңалау" жобасына несие бөлу жөніндегі  ҚР үкіметі мен Еуропалық қайта құру және даму банкі арасындағы келісімді бекітті

Мәжіліс "Атырау-Ақтау автожолын жаңалау" жобасына несие бөлу жөніндегі ҚР үкіметі мен Еуропалық қайта құру және даму банкі арасындағы келісімді бекітті

Бүгін, 26-мамырда өткен мәжілістің жалпы отырысында халық қалаулылары "Атырау-Ақтау автожолын жаңалау" жобасына несие бөлу жөніндегі ҚР үкіметі мен Еуропалық қайта құру және даму банкі арасындағы келісімді бекітуді мақұлдады,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі республика Елордасынан.

  • 26 Мамыр 2004
  • 367
Фото - Caravan.kz

Жобаның мақсаты — Батыс Қазақстан облысындағы Атырау-Ақтау автожолын жөндеу мақсатында Қазақстанға қол ұшын беру болып табылады.

Жобаны жүзеге асыру нәтижесінде Ақтау-Астрахань және оған кері бағытта автокөліктердің қатынау мерзімін қысқартуға жағдай жасау, сондай-ақ, көлік құралдарының тозуын бәсеңдету арқылы жүк және жолаушы тасымалына жұмсалатын шығындарды азайту көзделіп отыр.
Жоба Қазақстан Республикасының 2004-2006-жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық индикативтік даму жоспарға қамтылған.
Еуропалық қайта құру және даму банкі бұл жобаға негізгі несиені үш жылдық жеңілдетілген мерзіммен қайтару талабымен 15 жылға несие бөлмек. Несие көлемі 119,2 млн. долларды құрайды. 2004-жылғы республикалық бюджетте жобаны қаржыландыруға 306,6 млн. теңге қарастырылған.
Жобаны жүзеге асыру жұмыстары 2005-жылғы көктемде басталып, 2007-жылдың қараша айында аяқталады.
Заң жобасы парламент сенатының қарауына тапсырылды.