Мәжіліс аудиторлық қызмет туралы енгізілетін түзетулерді екінші оқылымда мақұлдады - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мәжіліс аудиторлық қызмет туралы енгізілетін түзетулерді екінші оқылымда мақұлдады

Мәжіліс аудиторлық қызмет туралы енгізілетін түзетулерді екінші оқылымда мақұлдады

Бүгін, 27-қазанда өткен мәжілістің жалпы отырысында депутаттар "Кейбір заңнамалық актілерге аудиторлық қызмет мәселелеріне қатысты өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын екінші оқылымда мақұлдады,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 27 Қазан 2005
  • 406
Фото - Caravan.kz

«Комитеттердің жұмыс топтарының отырыстарында қарау барысында заң жобасын заңгерлік техника талаптарына сәйкестендіру мақсатында редакциялық сипаттағы өзгерістер мен толықтырулар енгізілді және олар заң жобасының мән-мазмұнын байыта түсті»,- делінген мәжілістің қаржы және бюджет жөніндегі комитетінің қорытындысында.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, енгізілген өзгерістер аудиторлар мен аудиторлық ұйымдардың жауапкершілігін арттыруға және жалпы аудит жүйесін жетілдіруге бағытталған.
Заң жобасында аудиторлық қызметті халықаралық тәжірибенің негізінде мемлекеттік және мемлекеттік емес реттеудің тепе-тең ықпалдастығы негізінде жаңаша реттеу құрылымын енгізу қарастырылған.
Жоба сенаттың талқысына ұсынылды.

Перейти к новостям спорта