Мәжіліс ауыл шаруашылық өндірісінде пайдаланылатын жануарлардың тізімін толықтыратын заң жобасын екінші оқылымда мақұлдады - kaz.caravan.kz
  • $ 448.89
  • 477.93
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мәжіліс ауыл шаруашылық өндірісінде пайдаланылатын жануарлардың тізімін толықтыратын заң жобасын екінші оқылымда мақұлдады

Мәжіліс ауыл шаруашылық өндірісінде пайдаланылатын жануарлардың тізімін толықтыратын заң жобасын екінші оқылымда мақұлдады

ҚР Парламентінің мәжілісі сәрсенбі күні пленарлық отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне асыл тұқымды мал шаруашылығы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын екінші оқылымда мақұлдады.

  • 29 Маусым 2011
  • 402
Фото - Caravan.kz

Заң жобасымен «ауыл шаруашылық жануарлары» түсінігіне ауыл шаруашылық өндірісінде пайдаланылатын балықтарды, аралар мен жануарлар түрлерін қосып, ауыл шаруашылық өндірісінде өнім алу мақсатымен пайдаланылатын жануарлардың, соның ішінде асыл тұқымды жануарлардың тізімін кеңейтуді қарастырады.

Палатаның салалық комитетінің қорытындысына сәйкес, бұл шара мысалы, емдік мүйіздерінен басқа, асыл тұқымды төл алынатын марал мен дақты бұғыларды жатқызуға мүмкіндік береді және сәйкесінше, құқық қолдану тәжірибесінде асыл тұқымды өнім шығаратын мал шаруашылығының салалары арта түседі.

Бірқатар түзетулер бойынша пікірлердің қайшылығына байланысты заң жобасы үшінші оқылымда қаралады.

Соңғы жаңалықтар