Мәжілістің халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік жөніндегі комитетінің қорытындысына сәйкес, «келісімнің мақсаты -Хорватия мен Қазақстан арасындағы халықаралық автокөлік қатынасы саласындағы ынтымақтастықты одан әрі дамытуға құқықтық негіз қалау, екі ел арасындағы автокөлікпен жүзеге асырылатын жүк тасымалы талаптарын жеңілдету болмақ».
Келісім халықаралық автокөлік қатынасын аясында жүк және жолаушы тасымалын, осы аумақтар арқылы өтетін транзитті тасымалды, сондай-ақ, екі мемлекет аумағында тіркелген көлік құралдарымен үшінші ел арқылы жүк тасымалдауды реттейді.
Келісімге 2006-жылдың 11-шілдесінде Загреб қаласында қол қойылған.
Заң жобасы сенаттың қарауына ұсынылды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті