Мәжіліс азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек пен құқықтық қатынастар туралы конвенцияны бекіту туралы заң жобасын мақұлдады - kaz.caravan.kz
  • $ 445.66
  • 474.58
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мәжіліс азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек пен құқықтық қатынастар туралы конвенцияны бекіту туралы заң жобасын мақұлдады

Мәжіліс азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек пен құқықтық қатынастар туралы конвенцияны бекіту туралы заң жобасын мақұлдады

Бүгін, 7-қаңтарда өткен мәжілістің жалпы отырысында халық қалаулылары азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек пен құқықтық қатынастар туралы конвенцияны бекіту туралы заң жобасын мақұлдады,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі республика Елордасынан.

  • 7 Қаңтар 2004
  • 985
Фото - Caravan.kz

Азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек пен құқықтық қатынастар туралы конвенцияға ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің (Түрікменстан мен Өзбекстаннан басқа) басшылары Кишиневте 2002-жылы 7-қазанда қол қойған. Конвенцияға сәйкес уағдаласушы тараптар өзара құқықтық көмек көрсете алады. Атап айтсақ, келісімге қол қоюшы тараптардың әрқайсысының заңды тұлғалары мен жеке азаматтары, сондай-ақ, сол аумақта тұратын басқа да жеке тұлғалар екінші бір уағдаласушы жақтың әділет мекемесінің лауазымды қызметкерінің іс-әрекетіне қатысты шағымдануға және залал келтірген жағдайда Уағдаласушы Тараптардың заңдарына сәйкес оны өндіруді талап етуге құқылы. Конвенцияда сондай-ақ, екі немесе одан да жоғары уағдаласушы тараптардың аумағында бір немесе бірнеше адам тарапынан қылмыс жасалған жағдайда және уағдаласушы тараптардың мүддесіне қайшы келетін істерді шұғыл әрі жан-жақты тектеп-тексеру, тергеу үшін бірлескен жедел-тергеу топтарын құру және олардың іс-қызметін ұйымдастыру қарастырылған.

ҚР СІМ-нің ақпаратына сәйкес, қазіргі жағдаймен конвенцияны тек Беларусь Республикасы ғана бекітті. Ал конвенцияға біріккен басқа елдерде ішкі мемлекеттік процедуралар жүргізілуде.
Заң жобасы сенаттың қарауына жіберілді.

Соңғы жаңалықтар