«Келісімге қол қою құқықтық қатынастар саласындағы ынтымақтастықты дамыту, екі мемлекеттің егемендігін өзара құрметтеу негізінде азаматтық және қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек көрсету мақсатын көздейді»,- деді заң жобасын таныстырған ҚР әділет министрінің орынбасары Сабыржан Бекбосынов.
С.Бекбосыновтың айтуынша, «құқықтық қатынастар аясын кеңейту үшін процессуалдық әрекеттерді іске асыру, құжаттарды жолдау және табыс ету, айғақзаттарды өткеріп беру, іс материалдарын жолдау, сот шешімдерін мойындау және оны атқару, шағымдарды қарау, сотталған адамдар туралы мәліметтер беру, адамдарды іздестіру, шұғыл іздестіру шараларын өткізу, қылмыс жасаған адамдарды өткеріп беру тәрізді бағыттарды ынтымақтастық орнатылады».
Келісімге 1996-жылдың 17-қыркүйегінде Тбилисиде қол қойылған.
Заң жобасы сенаттың талқысына ұсынылды.