Жарияланды: 430

Мәжіліс азаптаулардың, ар-намысты қорлайтын іс-әрекеттер мен жазалаудың ұлттық алдын алу тетігін қамтыған жобаны мақұлдады

Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында палата депутаттары «Қазақстан Республикасының кейібір заңнамалық актілеріне азаптаулардың және басқа да қатыгез,

адамгершілікке жатпайтын немесе ар-намысты қорлайтын іс-әрекеттер мен жазалау түрлерінің алдын алуға бағытталған ұлттық алдын алу тетігін жасау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады. Аталған құжат Азаптауларға және басқа да қатыгез, адамгершілікке жатпайтын немесе ар-намысты қорлайтын іс-әрекеттер мен жазалау түрлеріне қарсы конвенцияны іске асыру мақсатында әзірленген. Бұл ретте заң жобасының мақсаты түзеу мекемелері мен тергеу изоляторларында, алкоголизмге, нашақорлық пен уытқұмарлық дертіне шалдыққан ауруларды емдеуді жүзеге асыратын мекемелерде Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің, қоғамдық байқаушы комиссиялар мен қоғамдық бірлестіктердің үнемі болу жүйесін ұлттық алдын алы тетігі ретінде бекітуді көздейді. Сондай-ақ, аталған тұлғалар мен ұйым өкілдері қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнаулы мекемелерде, кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтарында, арнаулы және ерекше режимдегі білім беру ұйымдарында үнемі бола алатыны қарастырылады. Осыған орай, заң жобасымен ҚР Қылмыстық кодексіне, Әкімшілік құқық бұзу туралы кодексіне және бірқатар заңнамаларға өзгерістер енгізу ұсынылады. Бірінші оқылымда мақұлданған заң жобасы екінші оқылымға әзірлеу үшін Бас комитетке тапсырылды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін