Мәжіліс азық-түлік өнімдерінің қауіпсіздігі туралы заң жобасын мақұлдады - kaz.caravan.kz
  • $ 465.01
  • 543.55
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
6 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мәжіліс азық-түлік өнімдерінің қауіпсіздігі туралы заң жобасын мақұлдады

Мәжіліс азық-түлік өнімдерінің қауіпсіздігі туралы заң жобасын мақұлдады

АСТАНА. 6-наурыз. Kazakhstan Today. Бүгін өткен мәжілістің жалпы отырысында депутаттар "Азық-түлік өнімдерінің қауіпсіздігі туралы" заң жобасын мақұлдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

  • 7 Наурыз 2007
  • 655
Фото - Caravan.kz

«Заңның жобасы Қазақстан Республикасының Дүниежүзілік сауда ұйымына мүшелікке өтуге дайындалып жатуына байланысты жасалған»,- делінген мәжілістің ауылшаруашылығы мәселелері жөніндегі комитетінің қорытындысында.

«Заң жобасының басты мақсаты Қазақстан Республикасының азық-түлік өнімдерінің қауіпсіздігі, жемдер мен жемдік қоспалар, ауыз су саласындағы заңнамасын «Техникалық реттеу туралы» заңмен белгіленген талаптарға және халықаралық тәжірибеге сәйкестендіру, сондай-ақ, мемлекеттік санитарлық-эпидемилогиялық және малдәрігерлік бақылау обьектісі болып табылатын азық-түлік өнімдеріне қойылатын міндетті талаптарды айқындау, белгілеу және оларды жүзеге асыруға байланысты қарым-қарынастарды құқықтық реттеуді жолға қою болып табылады»,- делінген қорытындыда.

Заң жобасы сенаттың талқысына ұсынылды.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті