Мәжіліс "Бағалы қағаздар рыногі туралы" заң жобасына енгізілген түзетулерді мақұлдады - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мәжіліс "Бағалы қағаздар рыногі туралы" заң жобасына енгізілген түзетулерді мақұлдады

Мәжіліс "Бағалы қағаздар рыногі туралы" заң жобасына енгізілген түзетулерді мақұлдады

Бүгін, 18-маусымда парламент мәжілісі "Бағалы қағаздар рыногі туралы" заң жобасына сенат тарапынан енгізілген түзетулерді мақұлдады,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 18 Маусым 2003
  • 908
Фото - Caravan.kz

Парламент сенаты бұған дейін заң жобасының мәтінін заңдық тәртіптерге сәйкестендіру, жобада келтірілген ұғымдарды нақтылау, шетелдік эмитенттердің бағалы қағаздарын ҚР бағалы қағаздар рыногіне шығару мәселесі бойынша мемлекеттік органның бақылаушылық функциясын реттейтін нормаларды редакциялау жөнінде түзетулер енгізген болатын.

Түзетулердің бір бөлігі жоба нормаларын бағалы қағаздар рыногінде халықаралық тәжірибеде қолданылып жүрген ұғымдармен сәйкестендіруге бағытталған. Жобаның түзетілген нұсқасына сәйкес рыноктің ликвидтілігін сақтап қалу үшін тек қор биржасындағы айналымға шығарылатын шетелдік бағалы қағаздарды ғана ҚР бағалы қағаздар рыногіне шығаруға рұқсат беру туралы талап енгізілді.
ҚР заңдарына сәйкес сенат түзетулері мақұлданғаннан кейін заң қабылданып, Елбасының қол қоюына жіберілді.

Соңғы жаңалықтар