Онда бұқаралық ақпарат құралдарын тіркеу, түсірілім жұмыстары үшін рұқсат алу мәселелері жеңілдетілген. Сондай-ақ, сотта жауапкер мен талапкердің ісі тең жағдайда қарастырылады.
Мәдениет және ақпарат вице-министрі Дархан Мыңбайдың айтуынша,"журналист мемлекеттік қызметкер немесе басқа біреулерден өзінің жауабын ала алмаған кезде бірден сотқа емес, алдымен оның басшысына жүгіну керек еді, ал енді қазіргі ұсынып отырған өзгертулер мен толықтырулар ол мәселені де шешіп отыр, өйткені ол бірден енді сотқа жүгінуге болады".