Мәжіліс "Бәсекелестік туралы" заң жобасын мақұлдады - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мәжіліс "Бәсекелестік туралы" заң жобасын мақұлдады

Мәжіліс "Бәсекелестік туралы" заң жобасын мақұлдады

Астана. 12 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Мәжіліс "Бәсекелестік туралы" заң жобасын мақұлдады, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 12 Қараша 2008
  • 791
Фото - Caravan.kz

Мәжілістің экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің қорытындысына сәйкес, «Бәсекелестік туралы» заң жобасы мемлекет басшысының 2008 жылғы ақпаның 6-сындағы «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру — мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру мақсатында әзірленген.

Заң жобасының мақсаты бәсекелестікті қорғау, тауар нарықтарында еркін бәсекелестіктің дамуы үшін тартымды және ашық жағдайлар жасау болып табылады. Сонымен бірге бәсекелестікті шектеу мен нарыққа қатысушылар арасындағы сөз байласу фактілерін анықтаудың дәл тетіктерін айқындау мақсаты көзделіп отыр. Сондай-ақ заң жобасы экономика салаларын «жасырын» монополияландырудың алдын алуға, монополияға қарсы органның рөлі мен өкілеттіктерін күшейтуге, оның қызметінің тиімділігін арттыруға бағытталған.

Заң жобасы «Жосықсыз бәсеке туралы» заң мен «Бәсеке және монополистік қызметті шектеу туралы» заңның ережелерін біріктірді және дамытты.

Заң жобасы 5 бөлімнен, 14 тараудан және 80 баптан тұрады.

Осы заң жобасымен мемлекеттің кәсіпкерлік қызметке қатысуының мақсаттары мен толымды негіздері айқындалды.

Сондай-ақ, бәсекелестікке қарсы келісімдерді және бәсекелестікке қарсы келісілген іс-әрекеттерді монополияға қарсы заңнаманы бұзудың дербес тәсілдеріне бөлу көзделіп отыр.

Заң жобасын қабылдау жеке кәсіпкерлік субъектілері шығыстарының ұлғаюына әкеп соқтырмайды. Өйткені заң жобасы бизнестің кәсіпкерлік және инвестициялық белсенділігінің өсуін дамытуға бағытталған.

«Заң жобасы қабылданған жағдайда тауарлар өндірісінің өсуін, өнімнің негізделген құнын қолдануды, инновацияларды енгізуді ынталандыратын адал бәсекелестіктің дамуы үшін қажетті жағдай жасау көзделеді. Бұл түпкі нәтижеде ел мен қоғамның әл-ауқатының өсуіне әкеледі», деп хабарлайды мәжілістің баспасөз қызметі.

Сондай-ақ, бүгін өткен жалпы отырыста мәжіліс депутаттары «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бәсекелестік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар