Жарияланды: 400

Мәжіліс БЭК-те капиталдың еркін қозғалысын қарастыратын келісімді мақұлдады

ҚР парламентінің мәжілісі сәрсенбі күні пленарлық отырысында «Қаржы нарықтарында капиталдың еркін қозғалысын қамтамасыз ету үшін жағдай жасау туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасын мақұлдады.

Палатаның салалық комитетінің қорытындысында атап көрсетілгендей, келісімге 2010 жылдың 9 желтоқсанында Мәскеуде қаржы нарықтарында капиталдың еркін қозғалысын қамтамасыз ету, қаржы секторында өзара тиімді ынтымақтастықты дамыту мақсатында Қазақстан, Ресей, Беларусь елдері қол қойған. Құжатқа сәйкес, тараптар банк саласында, валюта нарығында, құнды қағаздар нарығында және сақтандыру саласында қажет шараларды жүзеге асырады. Келісімнің шарттарын жүзеге асыру екі кезеңмен жүреді. «Бірінші кезең тараптардың құзырлы органдарының арасында жоғарыда аталған салаларда тұрақты негізде ақпарат алмасуды ұйымдастыруды қарастырады», - делінген қорытындыда. Екінші кезең тараптардың қаржы секторындағы заңнамаларын үйлестіруді, соның ішінде қаржы нарығына қатысушыларға қойылатын лицензиялық талаптарды, қадағалау талаптарын және қаржы нарығына қатысушыларды қадағалау тәртібін үйлестіруді қарастырады. Сонымен қатар, келісім эмитент тіркелген мемлекеттің реттеуші органы құнды қағаздар эмиссиясын (шығарылымын) тіркеу шартымен тараптардың эмитенттерінің құнды қағаздарын Бірыңғай экономикалық кеңістіктің (БЭК) бүкіл аумағында орналастыру және айналдыру мүмкіндіктерін қамтамасыз етуді қарастырады. Келісімді жүзеге асыру мерзімі 2013 жылдың 31 желтоқсаны.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть