Мәжіліс Бельгия мен Қазақстан арасындағы әуе байланысы туралы келісімді бекітуді мақұлдады - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+20 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мәжіліс Бельгия мен Қазақстан арасындағы әуе байланысы туралы келісімді бекітуді мақұлдады

Мәжіліс Бельгия мен Қазақстан арасындағы әуе байланысы туралы келісімді бекітуді мақұлдады

Бүгін, 4-ақпанда өткен мәжілістің жалпы отырысында халық қалаулылары Бельгия мен Қазақстан арасындағы әуе байланысы туралы келісімді бекітуді мақұлдады,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі республика Елордасынан.

  • 4 Ақпан 2004
  • 738
Фото - Caravan.kz

2000-жылдың 27-маусымында Брюссельде қол қойған бұл келісімнің мақсаты — Қазақстан мен Бельгия Корольдығы аумақтары арасында әуе байланысын орнатуға құқықтық негіз қалау болып табылады.

Келісімге сәйкес, тараптар екінші мемлекеттің аумағы арқылы жолай қонбай ұшып өту, көрсетілген аумақта коммерциялық емес мақсатпен аялдау, екінші мемлекеттің аумағында келісімде көрсетілген бекеттерде халықаралық бағытта тасымалданатын жолаушы, жүк және поштаны бортқа алу немесе оларды түсіру үшін аялдау құқығына ие болады.
Келісім сенаттың талқысына ұсынылды.

Соңғы жаңалықтар