Мәжіліс Біртұтас экономикалық кеңістік құру туралы келісімді бекіту жөніндегі заң жобасын талқылайды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мәжіліс Біртұтас экономикалық кеңістік құру туралы келісімді бекіту жөніндегі заң жобасын талқылайды

Мәжіліс Біртұтас экономикалық кеңістік құру туралы келісімді бекіту жөніндегі заң жобасын талқылайды

Мәжіліс Біртұтас экономикалық кеңістік құру туралы келісімді бекіту жөніндегі заң жобасын талқылайды. Құжат парламенттің төменгі палатасы бюросының таяудағы отырысында қаралады деп күтілуде. Бұл туралы KZ-today тілшісіне мәжілістің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 1 Наурыз 2004
  • 434
Фото - Caravan.kz

Біртұтас экономикалық кеңістік құру туралы келісімге Қазақстан, Беларусь, Ресей және Украина президенттері 2003-жылдың 19-қыркүйегінде Ялта қаласында қол қойған. Келісімде қандайбір шектеу немесе тәркілеуден ада еркін сауда-саттық аймағын құру, өзара сауда-саттық саласында демпингге қарсы, компенсациялық немесе арнаулы қорғаныс шараларын қолданбау, тарифтік және тарифтік емес реттеу саласында біртұтас саясатқа бағыну және өзара бәсекелестік, субсидия мен басқа да мемлекеттік қолдау шараларын пайдаланудың біртұтас ережелерін ұстану көзделген. Сондай-ақ, тауар, қызмет, капитал және жұмыс күші қозғалысының еркіндігін қамтамасыз етуге жағдай жасалмақшы.

Заң жобасы бойынша мәжілісте ҚР индустрия және сауда министрі Әділбек Жақсыбеков баяндама жасайды.

Соңғы жаңалықтар