Мәжіліс Біртұтас экономикалық кеңістік құру туралы келісімді бекітуді мақұлдады - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мәжіліс Біртұтас экономикалық кеңістік құру туралы келісімді бекітуді мақұлдады

Мәжіліс Біртұтас экономикалық кеңістік құру туралы келісімді бекітуді мақұлдады

Бүгін, 21-сәуірде өткен мәжілістің жалпы отырысында халық қалаулылары Біртұтас экономикалық кеңістік құру туралы келісімді бекітуді мақұлдады,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 21 Сәуiр 2004
  • 409
Фото - Caravan.kz

Аталмыш мәселе бойынша баяндама жасаған ҚР индустрия және сауда министрі Болат Смағұловтың айтуынша, келісімді бекіту «Біртұтас экономикалық кеңістік деп аталатын жаңа аймақтық интеграциялық ұйым құруға бағытталған кешенді шараларды жүзеге асыруға құқықтық негіз қалайды». «Келісімді жүзеге асыру экономикалық тиімділікке және қазақстандық тасымалдаушылардың шығынын біршама азайтуға алып келеді»,- деді Б.Смағұлов.

Біртұтас экономикалық кеңістік құру туралы келісімді бекітуді заңдастыратын жоба парламент сенатына жіберілді.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Біртұтас экономикалық кеңістік құру туралы келісімге Қазақстан, Беларусь, Ресей және Украина президенттері 2003-жылдың 19-қыркүйегінде Ялта қаласында қол қойған. Келісімде қандайбір шектеу немесе тәркілеуден ада еркін сауда-саттық аймағын құру, өзара сауда-саттық саласында демпингге қарсы, компенсациялық немесе арнаулы қорғаныс шараларын қолданбау, тарифтік және тарифтік емес реттеу саласында біртұтас саясатқа бағыну және өзара бәсекелестік, субсидия мен басқа да мемлекеттік қолдау шараларын пайдаланудың біртұтас ережелерін ұстану көзделген. Сондай-ақ, тауар, қызмет, капитал және жұмыс күші қозғалысының еркіндігін қамтамасыз етуге жағдай жасалмақшы.
Қазіргі жағдаймен Біртұтас экономикалық кеңістік құру туралы келісімді Реесй және Украина парламенттері бекітті. Таяу уақыттарда келісімді Беларусь парламенті де бекітеді деп күтілуде.

Соңғы жаңалықтар