Мәжіліс бухгалтерлік және қаржылық есеп беру жөніндегі заңнамаларға енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды мақұлдады - kaz.caravan.kz
  • $ 445.66
  • 474.58
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мәжіліс бухгалтерлік және қаржылық есеп беру жөніндегі заңнамаларға енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды мақұлдады

Мәжіліс бухгалтерлік және қаржылық есеп беру жөніндегі заңнамаларға енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды мақұлдады

Бүгін, 21-сәуірде өткен мәжілістің жалпы отырысында халық қалаулылары бухгалтерлік және қаржылық есеп жөніндегі заңнамаларға енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды мақұлдады ,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 21 Сәуiр 2004
  • 457
Фото - Caravan.kz

Заң жобасын депутаттарға таныстырған ҚР қаржы министрінің орынбасары Ғани Өзбековтың түсініктемесіне жүгінсек, заң жобасы бойынша үш түрлі өзгеріс енгізіліп отыр. Біріншіден, «ұлттық компанияларды акционерлік қоғамдарға айналдыру мерзімі 2004-жылдың 1-қаңтарынан 2005-жылдың 1-қаңтарына шегерілді». Сондай-ақ, ҚР қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау Агенттігі деп аталатын жаңа мекеменің құрылуына байланысты «Ұлттық банк туралы», «Банк қызметі туралы» және «Сақтандыру қызметі туралы», «Зейнетақы қамтамасыздығы туралы» заңдарға өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі. Заң жобасында «бухгалтерлік және қаржылық есеп беру мәселесі бойынша Ұлттық банк пен Агенттіктің құзыр аясын айқындау» жөнінен аталмыш заңдардың нормалары өзара сәйкестендірілген.

Заң жобасы сенаттың қарауына жіберілді.

Соңғы жаңалықтар