Мәжіліс " Бюджеттік жүйе туралы" заңға өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасы бойынша келісім комиссиясының шешімін қабылдамады - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мәжіліс " Бюджеттік жүйе туралы" заңға өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасы бойынша келісім комиссиясының шешімін қабылдамады

Мәжіліс " Бюджеттік жүйе туралы" заңға өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасы бойынша келісім комиссиясының шешімін қабылдамады

Бүгін, 4-маусымда өткен мәжілістің пленарлық отырысында халық қалаулылары

  • 4 Маусым 2003
  • 866
Фото - Caravan.kz

» Бюджеттік жүйе туралы заңға өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы бойынша сенат пен мәжіліс арасындағы келіспеушілікті жою жөніндегі келісім комиссиясының шешімін мәжіліс депутаттарының басым дауысымен қабылдамай тастады. Бұл туралы KZ-today тілшісі Астанадан хабарлады.

ҚР экономика және бюджетті жоспарлау министрі Қайрат Келімбетовтың айтуынша,
» Бюджеттік жүйе туралы» заңға өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы қабылданбаса, «2003-жылғы республикалық бюджетке өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жұмыс істей алмайды.
Бұдан бұрын хабарланғанындай, » Бюджеттік жүйе туралы» заңға енгізілетін түзету
ірі өнеркәсіптік және мұнай өндіруші нысандарды жекешелендіруден түсетін қаржыны бюджет тапшылығын толықтыру орнына Мұнай қорына аударуға бағытталған болатын.
Алайда бұл түзетуді талқылау барысында депутаттар заң жобасының үкіметтік нұсқасына өз түзетулерін енгізіп, жергілікті бюджет есебінен тұрғын үйлерді, соның ішінде жеке меншік үйлерді де күрделі жөндеуден өткізуді ұсынған болатын.
Мұндай түзетудің қабылдануына үкімет қарсылық білдірген.
Мәжілістің ұсынысын сенат депутаттары да құптамағандықтан келісім комиссиясы құрылды. Сөйтіп келісім комиссиясы түрғын үйлерді күрделі жөндеуден өткізу туралы ұсынысты заң жобасынан алып тастау жөнінде шешім қабылдаған көрінеді.
Қайрат Келімбетовтың айтуынша, бұл — » Бюджеттік жүйе туралы» заңға емес,
«Тұрғын үй қатынастары туралы » заңға қатысы бар мәселе.

Соңғы жаңалықтар