Жоба бойынша мәжілісмендер назарына бірқатар заң жобаларын екінші оқылымда қарау ұсынылған. Онда ілеспелі түзетулермен «Ең төменгі әлеуметтік стандарттар мен кепілдіктер туралы» және «Бітімгершілік қызмет туралы» заң жобасы бар.
Сондай-ақ осы күні халық қалаулылары сумен жабдықтау және су бұру мәселелері бойынша түзетулерге қатысты заң жобасын қарайды.
Мәжілісмендер Болгария және Румыниямен адамдарды ұстап беру туралы шарттарды, сондай-ақ Румыниямен сотталған адамдарды беру туралы шартты ратификациялауға қатысты заң жобалары бойынша қорытынды әзірлеу мерзімін тағайындамақ. Осы бағытта тағы да екі құжат, яғни «Төрелік туралы» және «Қазақстан Республикасындағы сот-сараптама қызметі туралы» заң жобалары ілеспелі түзетулермен ұсынылуда.