Мәжіліс Бюросы: Жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мәжіліс Бюросы: Жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды

Мәжіліс Бюросы: Жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды

Бүгін Палата Спикері Қабиболла Жақыповтың төрағалығымен Мәжіліс Бюросы өтіп, жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды.

  • 18 Қыркүйек 2015
  • 687
Фото - Caravan.kz

 Халық қалаулылары ілеспе құжаттармен, ауыл шаруашылығы кооперациясы, мемлекеттік-жекешелік әріптестік,  Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы заң жобаларын бірінші оқылымда қарайды.

Сонымен қатар мәжілісмендер назарына жер кодексіне, үкіметтік емес ұйымдардың қызметі, халықты әлеуметтік қорғау, дүниежүзілік сауда ұйымына кіруге байланысты мәселелер бойынша түзетулерді бірінші оқылымда қарау ұсынылып отыр.

Осы күні депутаттар Мемлекеттік рәміздер туралы Конституциялық заңына және электр энергетикасы мәселелеріне қатысты түзетулерді талқыламақ.  

  Сондай-ақ, Мәжіліс депутаттары бірқатар ратификациялық заң жобаларын қарайды. Олар: Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің үкіметтері арасындағы халықаралық автомобиль тасымалдары үшін қолайлы жағдайлар жасау, есірткі, психотроптық заттар мен олардың прекурсорларының үлгілерін беру тәртібі, Қазақстан-Қытай мемлекеттік шекарасының режімі туралы үкіметаралық және 1994 жылғы 15 сәуірдегі Дүниежүзілік сауда ұйымын кұру туралы Марракеш келісімдерін, сонымен қатар, Мажарстанмен және Монако Князьдігімен қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек туралы шарттарды ратификациялау.

   Мәжіліс жұмысқа қабылдайтын құжаттар қатарында, мәдениет мәселелері бойынша түзетулер, сонымен қатар, Қазақстан мен  Бенилюкс мемлекеттері (Бельгия Корольдігі, Люксембург Ұлы Герцогтігі және Нидерланд Корольдігі) арасындағы реадмиссия туралы келісімді және іске асыру хаттамасын, Латвиямен  Адамдардың реадмиссиясы туралы үкіметаралық келісімді,  2007 жылғы 6 қазандағы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше мемлекеттердің құқық қорғау органдары мен арнайы қызметтерін жарақтандыру үшін арнайы техника мен арнайы құралдарды жеткізудің жеңілдікті шарттары туралы келісімге түзетулерді ратификациялау туралы заң жобалары бар.  


  Сондай-ақ, жалпы отырыста мәжілісмендер ілеспе құжатпен азаматтық процестік кодексінің жобасына Сенат енгізген түзетулерді талқыламақ, деп хабарлайды Мәжілістің баспасөз қызметі.  

Соңғы жаңалықтар